Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

1. Көгалшапқыш
Көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады. Аспапты биіктігі бойынша реттеуге болады. Көгалшапқыштар механикалық, электрлік және бензиндік болады. Механикалық түрлерінде дөңгелектер жүздермен байланыстырылған, адам шапқышты итергенде, дөңгелектер айналып, жүздерді қозғалысқа келтіреді. Механикалық шапқыштар кішкентай телімдер үшін қолданылады. Электрлік көгалшапқыштардың электрлік қозғалтқышы болады. Олар аккумулятордан немесе розеткадан жұмыс істейді. Көлемі орташа тегіс телімдер үшін тамаша. Бензин көгалшапқыштар – ең қуатты, кішкентай іштен жану қозғалтқышымен жабдықталып, үлкен көлемді телімдерді өңдеуге қабілетті. Сонымен қатар, өзіжүретін модельдер бар. Оларды итерудің қажеті жоқ. Одан басқа, тракторлық көгалшапқыштар бар.


2. Триммер
Оны мотошалғы деп те атайды. Шөпті кесуге арналған жүздердің орнына қармақ жіпті айналма тиекбас қолданылатын аспап. Кәдімгі көгалшапқыштың көмегімен шөпті алу мүмкін болмайтын– бұталар айналасында, қоршаулар жанында, кедір-бұдыр беткейлерде және басқа да қол жетімсіз жерлерде шөпті шабу үшін қолданылады. Электрлік және бензиндік түрлері болады.


3. Көгалды шабуға арналған қайшы
Бұталарды кесуге арналған қайшыдан жүзге бұрышпен орналасқан ұзын тұтқалармен  ерекшеленеді. Оларды шөпті тұрып тұрып кесу үшін қолдануға болады. Екі түрлі болады: көлденең және тік жүзді. Көлденеңдерін көгалшапқыш тастап кеткен шөпті кесу үшін қолданады. Тік түрлері көгалдың жиектерін кесу үшін қолданады.


4. Бау айыры
Ұзын сапты және, әдетте, үш тісті болады. Шөп пен жапырақтарды алып тастау, сонымен қатар аэрациялау – тамырларға оттегі жеткізу үшін көгалда тесіктер жасау үшін ыңғайлы.


5. Желпуіштәрізді тырма
Көгалшапқыштан кейін қалған шабылған шөп көгалдың сәнін келтіруге кедергі. Ең ыңғайлысы оны желпуіштәрізді тырма арқылы алып тастау. Бұл аспап сонымен қатар түскен жапырақтарды, мүк пен қурап қалған тамырларды алып тастау үшін, топырақты скарификациялау және тапталған шөпті тегістеу үшін де қолданылады.


6. Ауаүрлегіш
Көгалдан кесілген шөпті, түскен жапырақты және басқа да қоқысты үрлеп алып тастау үшін қоладынады. Электрлік немесе бензиндік мотор көмегімен жұмыс істейді. Қол аспап немесе арқаға асатын түрлері болады. Үлкен аспаптардың дөңгелектері болуы мүмкін. Кейбір модельдер шаңсорғыш сияқты жұмыс жасауы мүмкін – шөпті, жапырақтар мен бұталарды сорып алады.


7. Аэратор
Көгалдың өсуін жақсарту үшін, топырақта тесіктер жасайтын аспап. Егер көгал тығыздалған болса, онда аэрация топырақтың дренажын жақсартып, ауаның өсімдік тамырларына жеткізілуін жақсартуға мүмкіндік береді. Көгал аэраторларының көптеген түрлері бар. Бұл көгалшапқыштарға ұқсайтын бензиндік және электрлік модельдер немесе тырма сияқты қол аспап, тіпті тікенді аяқ киім де болуы мүмкін.


8. Күрек
Көп қызметті қол аспап. Көгалға күтім жасауда жиектеуде, шеттерін жасауда, шымды алып тастау үшін қолданылады.


9. Сынатәрізді қалақша
Арамшөпті қазып алып тастау үшін қолданылады.


10. Құйғыш
Көгалды суаруға, сонымен қатар пайдалы элементтері бар сұйық ерітінділерді және арамшөптен қорғаушы заттарды қосуға  арналған аспап.


11. Бау құбыршегі
Әдетте синтетикалық каучуктан немесе жұмсақ пластиктен жасалған иілгіш түтік. Көбінесе талшықтардың ішкі торымен арматураланады. Көгал шөбін суару үшін қолданылады. Көбыршектерге арналған шашыратқыштар, бүріккіштер және соған ұқсас көптеген саптамалар болады.


12. Суару жүйесі
Көгалды автоматты суару жүйесі. Оның компоненттерінің көбісі жер астында жасырылады, себебі көгал үшін әсемдік маңызды. Суарудың негізгі элементтері- спринклерлер, олар көгал бойымен біркелкі орналастырылып, көгалдың барлық көлеміне суды шашыратады.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.