Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Стиль 

Ваннаға арналған сантехника мен жиһаз өндірушілері, әдетте, бір үлгідегі дайын жиынтықтарды ұсынады. Сонымен қатар әр бұйымды бөлек-бөлек сатып алуға болады. Бір топтама шегінде түрлі бұйымдарды үйлестіру арқылы Сіз ванна бөлмесін бір стильде безендіресіз.

Дәстүрлі ақ түс ванна бөлмелердің көбісіне үйлесімді. Сонымен қатар піл сүйегі түсі, крем түсі және ашық қоңыр реңктері де қолданылады. Егер ваннаның терезесі болса, жарқын түсті жиһазға назар аударыңыз.

Материалдар

Сантехника фарфор мен фаянстан жасалады.

Фаянс — жеңіл және қымбат емес материал, сыртқы келбеті тамаша. Кемшіліктері: материалдың саңылаулары болады, сондықтан оны тазалауға назар аударылмаса, сыртқы түрі тез нашарлайды.

Фарфор — тегіс материал, қолданыста оңайлау, тозуға беріктігімен ерекшеленеді. Кемшіліктері: ауыр және қымбатырақ.

Шұңғылша

Ваннаның басты элементі. Шұңғылша көбінесе тумба мен айналы шкафпен бірге сатылады. Ең оңай және қымбат емес вариант – екі айқарма есікшесі және ішінде сөрелері бар тумба.

Тумбаның аяқшалары немесе іргесі болады. Қазіргі жаңалау түрлері – аспалы модельдер. Олар тазалауды жеңілдетіп, кеңістіктк визуалды үлкейтеді. Аспалы шкафтар үшін гипсокартоннан және жеңіл конструкциялардан жасалған қабырғалар жарамсыз.

Таңдау бірінші кезекте орынжайдың өлшемдеріне байланысты. Егер бөлме үлкен болмаса, ені 50 см ықшамды немесе бұрыштық модельдерге назар аударыңыз.

Шұңғылшаның жанында жарықтандыру туралы ұмытпаңыз. Шамдар айналы шкафқа кірістірілген немесе дербес болады. Барлық электрлік аспаптар ылғалдығы жоғары жағдайда қолдануға жарамды болуы керек.

Габариттері

Үлкен емес ванна бөлмелері үшін ұзындығы 45-60 см, үлкендері – 120 см тумбаны таңдау керек.

Ванна бөлмесі көп заттарды сақтау орны болмағандықтан, шкафтар тереңдігі 15-40 см аралығында болады, ал биіктігі 2 метрден сирек асады.

Ванна 

Шойын, болат, акрил ванналар болады. Шойын ұзақ уақыт жылы болады, бірақ шойын ванна өте ауыр. Болат жылуды тез жинақтағанымен, оны тез жоғалтады. Болат ванналар арзанырақ және салмағы азырақ. Акрил ванналар ең жаңа түрі, ұзақ уақыт бойы жылы болады, бірақ сызаттарға төзімсіз.

Унитаз 

Таңдаған кезде бірінші кезекте сіздегі кәріз құбырының бұрышына назар аударыңыз. Унитаздың бұрышы оған сәйкес болуы керек. Суды ағызу түрі де маңызды өлшемшарт: қиғаш, түзу немесе тік. Унитаздар едендік және аспалы болады. Аспалылары кеңістікті визуалды үлкейтіп, тазалауды жеңілдетеді, ал едендік түрлерін қондырған оңай және бағасы арзандау.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.