Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

 

Көмірлік грильдер

Түтінді етті жақсы көретін, ешқайда асықпайтын және көп ақшаны жаратуды қаламайтын адамдар үшін

Нағыз классика! Грильдің ең кең таралған түрі. Баға-сапа қатынасы бойынша ең жақсысы. Ықшамды, қолданыста оңай, етке ерекше түтінді хош иіс береді.

Температураны реттеуде қиыншылықтар бар. Көмірлік грильдер газды және электрлік грильдерге қарағанда баяу ысиды, ал ысыған кезде өте ыстық болады. Көмірді үнемі бақылап, түра және тура емес қыздыру аймақшаларын жасау үшін олардың орнын ауыстырып тұру қажет.

Әр қолданғаннан кейін күлден тазалау қажет, бірақ түтінді хош иіс үшін оны жасау қиын емес!

 

Газды грильдер

Қолданыста қарапайым, температураны қадағалауға болатын аппаратты іздеушілер әрі оның құнын төлеуге дайын адамдар үшін

Газды грильдер пропан немесе табиғи газда жұмыс істеп, аспаздар үшін температураны бақылау мүмкіндігін береді. Тез ысып, қолданыста оңай әрі жеңіл тазаланады. Бұл вариант қымбаттау, бірақ уақыт пен күш салуды азырақ қажет етеді.

Түтін хош иісті ет пісіре алмайсыз, сонымен қатар газ балондарын қайта-қайта сатып алуға тура келеді.

 

Электрлік грильдер

Етті қуырудың ең оңай жолы. Розеткаға қосқан жеткілікті – барлығы жақсы болады!

Электрлік грильдер газ бен күлге байланысты әурені қаламайтын адамдарға арналған. Розеткаға қосып қана, қуыруды бастай беріңіз. Пәтер балконындағы пикник үшін мінсіз!

Келесі кемшіліктері бар: табиғат аясындағы пикникке электрлік грильмен шыққан оңай емес, сонымен қатар грильдің дәстүрлі түрлеріндегідей романтика мен еттің хош иісі болмайды.

 

Қызметтері мен аксессуарлар

Сөрелер

Ыдыс-аяқ, шикі етке арналған табақтар, маринадтар, дәмдеуіштер – барлығы қол астында болуы керек. Оларды қоятын орын болмаса, ас әзірлеген ыңғайсыз. Сондықтан, бүйірінде берік сөрелері бар грильді іздеңіз.

Термометр

Ет температураға өте сезімтал болады. Сондықтан ас әзірлеу кезінде қақпақтың астындағы температураны білу маңызды. Қатты қуырылған немесе піспеген ет болмау үшін қақпағына термометр кірістірілген грильді таңдаңыз,

Оттық

Газды грильдің кем дегенде екі оттығы барына көз жеткізіңіз. Онда түра және тура емес қыздыру аймақшаларын ұйымдастыруға болады. Оттықтар көп болған сайын жақсы болады – қызуы әр түрлі бірнеше аймақша жасауға мүмкіндік бар. Бұл тамақтың бірнеше түрін бір уақытта дайындағанда қажет болады. Алюминий мен шойыннан жасалған оттықтан аулақ болыңыз, олар тез таттанып, істен шығады. Болат немесе мыстан жасалған оттықтарды іздеңіз.

Артық қызметтер

Егер сіз жаңадан бастаушы болсаңыз, қиын әрі қажет емес қызметтерден бас тартыңыз. Электрлік істікті гриль немесе көмірді автоматтық түрде тұтандыратын грильден аулақ жүріңіз. Артық «керексіздіктер» көбінесе ақшасына тұрмай, көңіл қалдырады.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.