Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Адам санны. Үш-төрт орындық — отбасы немесе серіктес достар үшін. Екі орындық — жұп үшін ықшамды вариант. Бір орындық — жұмыртқа пішінді көркем аспалы креслолар.

Ені. Өлшемдерінде әткеншектің жалпы ені көрсетіледі, сондықтан отырғыштың ені 0,5 м азырақ болады. Үш адам үшін ені 2 м отырғыш, екі адамға – 1,5 м, бір адамға – 1 м болуы керек.

Жүккөтергіштігі. Әр адамға 100 кг есептеп, артығымен алыңыз. Мысалы, үш орындық әткеншек жүккөтергіштігі 300 кг құрауы керек.  

Конструкция материалы. Метал әткеншектер ең берік, әрі күтімді қажет етпейді, ұнтақтық бояу коррозияға төзімділікті қамтамасыз етеді. Бірақ сызаттар мен кетіктерден абай болу керек. Ағаш әткеншектер дымқылға төзімсіз, лак немесе арнайы ерітінділермен өңделуі қажет, жүйелі түрде күтімді қажет етеді. Жасанды ротангтан жасалған (өрілген) әткеншектер бір орынды аспалы кресло түрінде кең таралған, материал арнайы күтімді қажет етпейді әрі ауа райының құбылуларына төзімді.

Метал әткеншек тіреулерінің қалыңдығы. Жай тербеліс үшін құбыр диаметрінің 40-50 мм, ал қабырғасының қалыңдығы 1 мм болғаны жеткілікті. Егер балалар секірсе – қабырғасының қалыңдығы 1,5-2,0 мм диаметрі 50-60 мм құбыр қажет.

Матрас пен жастықтар материалы. Жұмсақ элементтер синтепон немесе поролонмен толтырылады. Синтепон пішінін жоғалтады, оны сабап, қалпына келтіріп тұру қажет. Поролон пішінін жоғалтпайды, ұзағырақ қызмет етеді. Матрас пен жастық қаптары оларды жуып, ауыстыру үшін шешілуі қажет.

Арқасын реттеу. Кейбір әткеншектер арқасының еңістігі ғана реттеледі, басқаларын 1,5 немесе екіадамдық толыққанды кереуетке дейін жазуға болаы.

Тент. Бастырма күн мен жаңбырдан қорғап, жайлылықты арттыра түседі. Бастырмасы реттелетін, реттелмейтін варианттар бар. Бастырмасыз әткеншектердің бағасы арзандау.

Тор. Маса және басқа да жәндіктерден, әрі тура күн сәулелерінен қорғайды.

Жайлылық. Жағымды бонус ретінде стақанасты, сақтау үшін қалташалар, жұмсақ сүйеніштер, аяқ үшін сүйеніштер мен басқа да қосымша жайлылық элементтерінің бар-жоғына назар аударыңыз.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.