Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

 

Пластик жиһаз

Пластиктен жасалған заманауи бақша жиһазы беріктігі мен төзімділігі бойынша басқа материалдардан кем түспейді. Бұл ретте, мұндай жиһаз жасау стильдері мен түстерінің алуан түрлілігі бойынша кең ауқымда шығарылады. Пластик жиһаз өте қолайлы: оны кейде ылғалды шүберекпен сүртіп тұрудың өзі жеткілікті. Ол суықтан қорықпайды, оны далада қалдыруға болады, ол сізге мәңгі қызмет етеді. Басқа материалдардан жасалған жиһазбен салыстырғанда, пластик жиһаздың бағасы әлдеқайда қолжетімді.

Ал кемшігілі – бұл табиғи емес, жасанды материал болып табылады. 

* Пластиктің құрамында ультракүлгін тұрақтандыру пигменттерінің барын тексеріңіз, кері жағдайда жиһаз уақыт өте келе түсін жоғалтады

 

Ағаш жиһаз

Бұл табиғи материал, ұтымды классика және дәстүрлі сыртқы келбет. Кез келген бақшаның сәнін келтіріп, жылы және табиғи ортаны қалыптастырады.

Ағаш жиһаз айрықша күтім мен көңіл бөлуді қажет етеді. Оны тұрақты түрде ылғал мен пішінінің өзгеруінен қорғайтын арнайы ерітінділермен өңдеу қажет. Мұндай жиһазды жауын-шашын немесе аяз күндері далада қалдыруға болмайды, сондықтан оны сақтайтын жерді де қарастырып қойған жөн.

Жиһаз ұзақ уақыт қызмет етуі үшін, ол ағаштың эвкалипт, қараған, тик сияқты қатты түрлерінен жасалуы тиіс.

* Сақтайтын жер болмаса, жиһаздың жиналмалы түрлерін іздеңіз
* Егер қыс мезгілінде жиһазды бақшада қалдыратын болсаңыз, оны жылытқышпен ораңыз
* Бекіткіштерінің тот баспайтын болаттан жасалғанына көз жеткізіңіз

 

Металл жиһаз

Металл жиһаз кеңінен таралған және нарықта стильдері мен нұсқалардың алуан түрлілігімен ұсынылған. Металл өте қолайлы материал. Егер жиһаз элементтерінің арнайы ұнтақты жабыны болса, ол қандай да бір ерекше күтімді қажет етпейді. Ең бастысы – жиһаз бетіне сызаттың  түспеуін қадағалаңыз, себебі кері жағдайда ол коррозияға ұшырайды.

Алюминий жиһаз коррозиядан қорықпайды. Бұл жеңіл, күтімді қажет етпейтін, қолайсыз ауа-райы жағдайларына төзімді ұзақмерзімді материал. Бірақ, алюминийден жасалған жиһаздың бағасы әлдеқайда қымбат болуы мүмкін.

* Жуу кезінде абразивті тазарту құралдарын пайдаланбаңыз
* Жиһаз бетін тот басса, оны егеуқұммен тазартып, бояңыз

 

Тоқылған жиһаз

Тоқылған жиһаз тамаша сырт келбетке ие, қала сыртындағы үйдің дәстүрлі көрінісін жаңғыртуға көмектеседі.

Себет тал, қамыс, ротанг сияқты табиғи материалдардан жасалады. Бұл әдемі және берік бұйымдар, бірақ ұзақмерзімді қолдануға жарамсыз. Жауын-шашын мен күн мұндай жиһаздың қызмет ету мерзімін айтарлықтай қысқартады.

Жасанды ротанг — әлдеқайда қолайлы материал. Сырт көрінісі әдемі, қолдану мерзімі ұзақ, жауын-шашыннан, аяз бен күн сәулелерінен қорықпайды, ерекше күтімді қажет етпейді және бағасы қолжетімді.

 

Жастықтар мен матрастар

Жайлылық пен әсерлі көрініс үшін жастықтар мен матрастар қолданылады. Оларды жасау стильдері мен дизайндары алуан түрлі. Олардың көмегімен қалауыңыз бойынша көңіл-күй құрып, сондай-ақ жиһазды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Бақша жиһазына арналған бүкіл тоқыма бұйымдар синтетикалық материалдардан жасалуы тиіс, сондай-ақ су өткізбейтін, өңездің түсуіне төзімді болуы қажет. Жастықтардың тігістері сапалы, тыстары шешілетін болуы тиіс. 

 

Қосымша элементтер

Бақша жиһазы жерге малтып кетпеуі үшін, оны арнайы пластик төсеменің үстіне орнатуға болады. Сондай-ақ, ол тегіс беткі қабаттың болуын қамтамасыз етеді.

Күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін тент немесе бақша павильоны орнатылады. Ол жәндіктерден қорғайтын тор қызметін де атқарады.

Демалыс аймағын филаргония мен шырайгүл сияқты біржылдық гүлдер егілген кашпо көмегімен безендіруге болады. 

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.