Ламинат сатып аламыз

Тозуға төзімділік классы

Ламинатты таңдаудың бірінші өлшемшарты — тозуға төзімділік классы. Олар үшеу-ақ: 31, 32, 33. Үйге арналған ламинатты іздесеңіз, 33-классқа қарамай-ақ қойыңыз. Ол үнемі көп адам жүретін кеңсе, дүкендер мен басқа да орынжайларға арналған.

31-32-класстар үйге арналған. 32-класс ламинаты қымбаттау болғанымен, тозуға төзімдірек әрі берік. Оған бұрыштары өткір ауыр заттарды лақтырып, шелектеп су құйылмаса, 15 жыл қызмет етеді. 31-класс ламинаттың беріктігі мен қызмет ету мерзімі төмендеу, оны адам аз жүретін орынжайларға төсеуге болады.

Ламинат асүйге жарайды ма

Асүйге қыш тақтайша төсеген жақсы. Бірақ, қалау бойынша ламинатты да төсеуге болады. Бұл жағдайда мұқияттау болу керек. Егер бір-нәрсе төгілсе, оны тез арада сүртіп алу қажет. Сонда барлығы жақсы болады.

Негізінде, ламинат ылғалға төзімсіз. Сондықтан жинағанда шаңсорғышты қолданыңыз, қажет болса ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Бастысы, еденге көп суды төгудің қажеті жоқ.

Сапалы ламинатты таңдау жолы

Ламинат әлемінде танылған көшбасшылар бар – немістер, австриялықтар,  бельгиялықтар. Өндірушінің Еуропаның едендік төсемдер ассоциациясына тиістілігі материал сапасының, экологиялық нормаларға сәйкестіктің және қаптамада көрсетілген барлық сипаттамалардың шындығының кепілі болып табылады.

Сонымен қатар, дүкенде үлгіні мұқият қарастыру керек. Ешқандай кетіктер болмауы керек, ал жіктер тегіс болуы шарт.

Қанша орама сатып алу керек

Төсеудің екі түрі бар: палубалық және қиғаш. Ламинатты қиғаш төсеу еңбекті және материалды көбірек қажет етеді. Егер палубалық әдіспен төсеуге бел бусаңыз, онда орама саны келесі формула бойынша есептеледі: орынжай ауданы / орамадағы шаршы метр саны. Қосымша бір-екі ораманы артық сатып алған жөн.

Ламинаттан басқа нені сатып алу керек

Ламинат міндетті түрде арнайы түптөсемге төселеді. Онсыз едендік төсем ұзақ қызмет етпейді. Түптөсем ламельдерді ылғалдан қорғап, негіздік еденді тегістеп, жылу- және дыбысоқшаулау материалы болып табылады. Ал табақшалар жылжымау үшін, оларды скотчпен жабыстырады.

Еденкемерді ламинаттың топтамасынан таңдаған дұрыс. Еденкемердің мөлшерін анықтау үшін, орынжайдың периметрін бір еденкемердің ұзындығына бөлу керек. Оны да артығымен алған дұрыс.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.