Көгалшыпқышты таңтау

Көгалшапқыштардың бірнеше түрі болады. Таңдау кезіндегі ең басты белгі -  телімнің өлшемдері. Сонымен қатар оның бедерін бағалау керек: қаншалықты тегіс немесе тегіс еместігін. Сайып келгенде, құрал-сайманды үнемі күтуге, көгалды шапқанда күш салуға, қанша қаражат жұмсай аласыз деген сұрақтарға жауап беріңіз.

МЕХАНИКАЛЫҚ КӨГАЛШЫПҚЫШТАР

Кішкентай және тегіс телімдер үшін – 2-6 сотка.
Механикалық көгалшапқыштар физикалық күш салу арқылы жұмыс істейді. Сіз оны итергенде, дөңгелектер шөп шабатын механизмді жұмысқа келтіреді. Бұл жерді соқамен жыртқандай қиын емес, бірақ кәдімгідей терлететін жұмыс. Есесіне, қол көгалшапқышы арзан, толығымен экологиялық және күтім жағынан ең қолайлысы.

ЭЛЕКТРЛІК КӨГАЛШАПҚЫШТАР

Бедері көбінше тегіс кішкентай және орташа телімдер үшін – 6-10 сотка.
Аккумулятор немесе кәдімгі розеткадан жұмыс істейді. Шөбі қалың көгалдарға жарамды. Егер телім еңіс болса, онда өзі жүретін модельді таңдаған дұрыс. Электрлік көгалшапқыштарды, бензин көгалшапқыштарға қарағанда сақтау әрі күткен әлдеқайда жеңіл, олар шусыз және оңай іске қосылады. Келесі кемшіліктері бар: жылжымалылығы сым ұзындығымен шектелген, оны бақылау керек; сымдылары тез қызып кетеді; аккумуляторлық көгалшапқыш 20-30 минутқа ғана жетеді.

БЕНЗИНДІ КӨГАЛШАПҚЫШТАР

Бедері тегіс және тегіс емес орташа және үлкен телімдер үшін – 10-20 сотка.
Уақытпен тексерілген нұсқа. Электр тоғынан тәуелсіз, сымдар кедергі болмайды. Қуаттырақ – қалың шөпті, тіпті талдарды шабуға болады. Әдетте шабу ені үлкен. Өзі жүретін модельдер белесті телімдерге жарамды, себебі еңісте физикалық күш салудың қажеті жоқ. Бензиндік көгалшапқыштар жүйелі күтімді қажет етеді, май деңгейін үнемі қадағалап тұру керек. Олар едәуір шулы және экологиялық емес.

Қосымша кеңестер

Тұсқағаздарды таңдау жөніндегі гид

Түстердің, басылымдардың және текстураның әр түрлілігіне байланысты, қабырғалар классикалық және сәнді интерьерде қабырғалар мен төбелерді әрлеудің ең танымал тәсілдерінің бірі болып қалады.

Плитканы төсеудің амалдарына қысқаша шолу

Маңызды! Плиткаларды төсеп қою амалын таңдағанда, бөлменің өлшемін, жобаның жалпы түс схемасын, жарықтандыруды және басқа да факторларды ескеріңіз.

Раушан өсіру жөніндегі кеңестер

5 мың жылдан астам уақыт бойы Гүлдердің патшасы ретінде толық құқылы раушан гүлі танылғаны қашан. Көптеген түрлердің арасында, тәжірибелі және алғашқы қадамдарды жасаған кезде, бағбан міндетті түрде раушан гүлін таба алады.

Хауызды қалай таңдайды: үрмелі немесе қаңқалық

Аулада хауыздың болуы жанұяның үйде немесе саяжайда жаз бойы дем алуға мүмкіндік береді. Алайда, тұрақты хауыздың құрылысы қымбатқа түспек.

Көгалға күтім жасауға арналған аспаптар

Көгалшапқыш: көгалға күтім жасауға арналған басты құрал. Шөп жабынды тегістеуге арналған. Шөпті шабу үшін айналма жүздер қолданылады.

Грильдi қалай таңдауға болады

Гриль – мінсіз пикниктің басты элементтерінің бірі. Бірақ нарықта көптеген түрі ұсынылған. Осы мақала гриль түрлерін түсініп, сіздің қажеттілігіңізге сәйкесін таңдап алуға көмектеседі.

Бау-бақша әткеншегін таңдау

Саяжай — бұл тек бау мен бақшада жұмыс қана емес, табиғат аясында демалыс қой. Бау-бақша әткеншегі – жайлы демалып, босаңсып, тіпті таза ауада көз іліп алудың тамаша жолының бірі. Осы мақалада біз бау-бақша әткеншегін таңдаудың басты белгілерін атап өтеміз.

Бақшаға қандай жиһаз жарайды

Бақшаға арналған жиһазды қалай таңдау қажет? Пластик, ағаш, металл және тоқылған жиһаздың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Жастықтар мен матрастар қандай материалдардан жасалуы тиіс? Орындықтар, дивандар мен үстелдерден басқа тағы қандай аксессуарлар мен қосымша бұйымдарды сатып алуға болады?

Ваннаға арналған сантехника мен жиһазды таңдау

Нарықта ваннаға арналған сантехника мен жиһаздың кең ассортименті ұсынылған. Сондықтан сатып алғанда шатасқан оп-оңай. Бұл мақалада біз ванна бөлмесіне арналған тауарлар әлемінде бағыттап, түрлі бұйымдарды таңдау өлшемшарттарын айтып, бірнеше кеңес береміз. Сіздің ванна бөлмеңіз стильді және функционалды болсын.

Ламинат сатып аламыз

Сатып алғанда қандай өлшемшарттарды ескеру қажет? Ламинатты асүйге төсеуге болады ма? Ламинатталған едендік сапалы төсемді қалай т аңдап,қандай өндірушіден алу керек? Қажетті мөлшерін қалай есептейді? Ламинаттың өзінен басқа тағы нені сатып алу керек? Бұл туралы біздің мақаладан оқыңыз.