Құқықтық ақпарат

Зияткерлік құқықтар

Осы Интернет-сайт — ОБИ компаниясының ресми сайты. Осы Интернет-сайттың барлық құқықтары қорғалған. Интернет-сайттың ерекше құқықтары құрамдас туынды ретінде «ОБИ Франчайзингілік орталық Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі — Серіктестік) тиесілі. Барлық мәтіндер, фотографиялар, суреттер, дыбыстық, бейне- және анимациялық файлдар, олардың орналастырылуы мен рәсімделуі зияткерлік құқықтар туралы заңнамаға сәйкес авторлық құқықпен қорғалады. Серіктестіктің алдын ала келісімінсіз олардың көшірмесін жасауға, өзгертуге және коммерциялық және басқа мақсаттарда өзге сайттарда пайдалануға жол берілмейді. Тауарлық белгілер және осы Интернет-сайтта орналастырылған басқа дараландыру құралдары Среіктістіктің және үшінші тұлғалардың меншігі болып табылады. Осы Интернет-сайтта мәтіндерді, фотографияларды, суреттерді, дыбыстық, бейне- және анимациялық файлдарды, тауарлық белгілер мен басқа дараландыру құралдарын, өзге ақпаратты орналастыру әлдекімге Серіктестікке және үшінші тұлғаларға тиесілі зияткерлік құқық объектілерін пайдалану құқығын беру ретінде қабылданбайды.

www.obi.kz сайтының мазмұнына жауапты

«ОБИ Франчайзингілік орталық Қазақстан» ЖШС
Әл-Фараби даңғылы, 17/1, «Нұрлы-Тау» БО, 5Б блок
Алматы Қазақстан/Kazakhstan