Құрметті жеткізушілер!

Құрметті жеткізушілер!

ОВІ компаниясының негізі 1970 жылы Германияда қаланды. Қазіргі таңда бұл үй мен саяжай құрылысы және абаттандыруға арналған тауарлар сатуды жүзеге асыратын дүкендердің ірі халықаралық сауда желісі. Әлемнің 12 елінде 650-ден астам ОВІ гипермаркеті, ашылған, оның ішінде 28-і Ресейде ашылған. Қазақстанда франшизаға ие Asadel компаниясы Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды мен Ақтөбеде 6 гипермаркет ашуды жоспарлап отыр. Сатып алушылардың DIY (ағылш. Do It Yourself — өзің жаса) форматындағы гипермаркеттерге деген қызғушылығы орасан зор. Қолжетімді бағада тауарлардың үлкен таңдауы, сапа кепілдігі, жеткізу және орнатуға көмектесуді қоса алғанда, ыңғайлы сервистер — мұның барлығы ОВИ-ді құрылыс және шаруашылық тауарлардың бөлшек сауда нарығында басқа ойыншылардан тиімді ерекшелеп тұрады. ОВІ ассортиментінде үй мен саяжай құрылысына, абаттандыру мен жөндеуге, бау-бақша шаруашылығына арналған тауарлар бар. Сондай-ақ сантехника, автомобильдерге арналған аксессуарлар және тағы басқалар орын алған.

Біздің мамандар ОВІ-дің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келуі тиіс ассортиментпен тұрақты жұмыс істеп келеді. ОВІ-дің әрбір гипермаркеті — бұл 10-15 мың шаршы метрлік қазіргі заманғы сауда алаңдары, мұнда сіздің өніміңіз де ұсынылуы мүмкін. Табысты халықаралық компаниямен ынтымақтастық — бірегей мүмкіндік, ол сату көлемін маңызды шамада ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар өз компанияңыздың танымалдық дәрежесін де арттыра түседі.

ОВІ жеткізушілерін таңдау теңқұқылы қатысушылардың арасында жабық тендер өткізу арқылы жүргізіледі. Тендерге қатысу үшін cominfo@obi.kz электрондық мекенжайына коммерциялық ұсыныс жолдау қажет.

Коммерциялық ұсынысқа міндетті түрде компанияның уәкілетті тұлғасы қол қоюы және оған мөр басылуы тиіс.

Егер сіз алаяқтық әрекеттерден күдіктенсеңіз немесе сізге қосымша төлем немесе кез келген түрдегі комиссиялық сыйақы туралы ұсыныс келіп түссе, өтінеміз, pravda@obi.kz мекенжайына хат жазыңыз.

ОВІ-дің коммерциялық ұсыныс жасауға қоятын ережелері мен талаптары:

  1. Хаттың тақырыбы ассортименттік бағыт атауынан құралуы тиіс.
  2. Ұсынылған өнім бойынша нарыққа талдау жасау қажет.
  3. ОВІ-дің қолданыстағы тауарлық ассортиментін білу мен талдауға сүйене отырып, ұсыныс жасаңыз.
  4. Ақпараттық ілеспе хатты қосыңыз.
  5. Өз компанияңыздың толық таныстырылымын ұсыныңыз: қызмет саласы мен бағыты, жұмыс тәжірибесі, негізгі әріптестер, клиенттер, тұтынушылардың пікірлері және т.б.
  6. ОБИ Қазақстан үшін ассортимент пен бағалар бойынша коммерциялық ұсыныс сатып алу бағасы көрсетіле отырып жасалады: теңгемен және ҚҚС-сыз.
  7. Ассортиментке қатысты түсіндірмелер (салыстыру және бұрынғы аналогтарынан оның түбегейлі ерекшелігі, жаңашылдығы, сапасы, ілеспе тауарлар және т.б.)
  8. Қолданылып жүрген ассортименттермен салыстырғанда, Сіздің өнімге қатысты түсіндірмелеріңіз: сапасы, жаңашылдығы, ассортиментке ілеспе тауарларды енгізу мүмкіндігі, басқа тауарлардан бірегей ерекшеліктері және т.б.
 

ОВІ ережелері мен талаптарына сәйкес келетін коммерциялық ұсыныстар негізінде компания жабық тендерге қатысу үшін жұмыс істеп тұрған және әлеуетті жеткізушілерді шақыру туралы шешімді өзіне қалдырады.